00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Мұстафа Шоқай мектебінде ашық есік күні өтті

30.09.2023 | 10:30
164
Фото: дереккөз

Астана қаласы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» тақырыбындағы бірыңғай ашық есік күні өтті, деп хабарлады Elorda.info.

үйірме бир.jpg

Ата-аналар қауымдастығы мектеп жанынан ашылған үйірмелер тәрбиеленушілерінің өнерлерін тамашалады. 

Іс-шараны мектеп директоры Данара Джумартова ашып, өткен оқу жылынан бастап жұмыс жасап отырған «Шаңырақ» ата-аналар академиясының жұмысын таныстырып, қоғамдық жұмыстар мен білім беру ұйымының дамуына белсене араласқан ата-аналарды марапаттады. 

үйірме еки.jpg

Аталған іс-шарада 6 кеңес беру аймағы жұмыс істеді. Бірінші аймақта әлеуметтік педагог және педагог-психологтар ата-аналарға кеңес берді. Екіншіде пән мұғалімдері оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі бойынша толыққанды ақпарат берді. Үшінші аймақ «Әке көрген оқ жонар» әкелер клубының жұмысы барысында әкелер мектебінің жұмысы дәріптеліп, IT бағыты бойынша компьютерді жинау бойынша шеберлік сағаты көрсетілді. Төртінші аймақ аналар мен жеңгелер мектебі аясында қонақ күту, үстел әзірлеу этикеті жайында шеберлік сағаттары жүргізілсе, бесінші аймақ ата мен әже мектебі шеңберінде «Бата беру» түрлері, «Тоқыма тоқу» әдістері көпшілік назарына ұсынылды. Алтыншы «Q-TALKS»  аймағында        Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Психологиялық тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры Анар Тәңірбергенова «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында ата-аналармен ашық диалогтік алаң өткізіп, отбасылық тәрбиеге байланысты келелі мәселелерді қозғады.

үйірме уш.jpg

Ата-аналарға педагогикалық және психологиялық қолдау көрсету мақсатында өткен ашық есік күнінің соңында ата-аналар мектеп тынысы жайлы оң көзқарастарын білдіріп, әсерлерімен бөлісті.

Все новости