Колледж студенттерінің 85 пайызы жатақханамен қамтамасыз етілген
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/20_photo1695184889_1d036f68f0.jpg)
Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің мәліметінше, бүгінде 54 мыңнан астам колледж студенті жатақханада орынмен қамтамасыз етілген. Бұл студенттердің жатақханаға жалпы қажеттілігінің 85 пайызын құрайды, деп хабарлады Elorda.info.
Биыл елімізде 1 090 орындық алты жатақхана пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін Шымкент қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында 1 269 орындық тағы алты жатақхана ашу жоспарлануда. Бұл шаралардың барлығы техникалық және кәсіптік білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және колледж студенттерінің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ерекше білім беру қажеттіліктері бар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім студенттерге оқу кезінде жатақханада тұру үшін жылына 29 АЕК көлемінде өтемақы төленеді. Екі мыңнан астам колледж студентіне қолдау көрсетіледі, - деді департамент директоры Серік Жартыбаев.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде 772 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы бар, онда 517 мың студент білім алуда. Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап стипендияны кезең-кезеңімен өсіру қарастырылған: 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 50%-ға арттырылды, 2024 жылы 100%-ға жеткізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер әлеуметтік қолдаумен, оның ішінде стипендиямен, тамақтанумен және жолақымен қамтылған.
![](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![2025 жылға дейін елімізде 1 мың мектеп жаңғыртылады](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![BMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![Назарбаев университетіне жаңа президент тағайындалды](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![Елімізде мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![Елімізде болашақ журналистерді дайындайтын университеттер](/img/articles/794cc3f59cae66f25f990f7077b8caa7.jpeg)
![Елімізде 500-ден астам кәсіпорын колледждерге қолдау көрсетеді](/img/articles/0ed4a3796cba221572c0eba9642bfe98.webp)
![Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады](/img/articles/a232b0cf2b992b0b982bfc0fa044d49e.jpeg)
![XXV республикалық «Абай оқулары» басталды](/img/articles/5c05ab5b51d447f4695b92824adfe3be.jpeg)
![НЗМ түлектері жалған емтихан тапсырмаларын таратқаны үшін жазаланды](/img/articles/3b3b5fd8e14133997fcb3f90c033f231.jpg)
![Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды жинады](/img/articles/c180ab1da104f3d2747bd542c9649f62.webp)
![5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады](/img/articles/uploads/636cce6ba8360010528550_0ae21b35f9.jpg)
![Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар](/img/articles/uploads/630ee3883b61a087127107_45c9bab3f0.jpg)
![Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады](/img/articles/uploads/62f22343405aa087105560_3732954a31.jpeg)
![Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы](/img/articles/uploads/63e4811c2fb71250656640_ebea37f274.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді](/img/articles/uploads/int_3e45d47d3c.jpg)
![ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды](/img/articles/uploads/kesteshka_30f3eb360c.webp)
![Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті](/img/articles/uploads/fm_53045e9a47.jpg)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![Ауыл балалары шетелдік үздік университеттерде тегін оқи алады](/img/articles/5f96918b287db3942c65f5f89272a479.jpg)