00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Елордада оқушыларға арналған жатақхана ашылды

06.04.2023 | 09:51
116
Фото: қалалық білім басқармасы баспасөз қызметінен

Астанада оқушыларға арналған жатақхана ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қорының Президенті Дархан Ермаханұлымен және ата-аналармен бірлесіп «Дарынды қыз балаларға арналған» «Білім-инновация» лицей интернатының жатақханасын аштық, - деді қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Басқарма басшысының айтуынша, оқу ғимаратының жанында орналасқан бес қабаттық оқушылар үйі 350 орынға арналған.

2.jpg

Жатақхананың іші толығымен балаларға керекті жиһаздармен жабдықталған. Бейнебақылау жүйесі орнатылып, қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда, білім ордасында 603 оқушы білім алып, тәрбиеленіп жатыр. Лицей 2022 жылы CIS (халықаралық мектептер кеңесі) білім беру саласындағы ең жоғары стандарттар мен соңғы жетістіктерді ілгерілету үшін құрылған әлемдегі ең танымал ұйымның мүшелігіне қабылданды.Сонымен қатар, 2021-2022 оқу жылында қазақстандық үздік мектептер рейтінгісі бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан 679 білім беру ұйымдары арасында 29 орында тұр. Астана қаласы бойынша ІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда» марапатын иеленген, - деді басшы.

 

3.jpg

Астана қаласы білім басқармасы басшысының айтуынша, бұл тек жататын орын ғана емес, оқушылардың зияткерлік қабілетін арттыруға арналған мекеме деуге болады. Мұнда балаларға ұстаздар мен тәрбиешілер тәрбие сағаттарын, спорттық және түрлі мәдени шараларды өткізеді. Бұл өз кезегінде балалардың тәрбиесіне, біліміне оң әсерін тигізеді.

Все новости