00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Биыл негізгі ҰБТ-ға қатысушылардың 75 пайызы сынақты қазақ тілінде тапсырады

19.05.2023 | 20:30
124
Фото: BAQ.KZ

Биыл негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге 166 мың талапкер 305 мың өтініш білдірген, деп хабарлады Elorda.info Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Негізгі ҰБТ 5 шілдеге дейін жалғасады. Тапсырушылардың 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, 243 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш берген.

Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидаты сақталады. Сондай-ақ өткен жылдан бастап ҰБТ-ға қатысушылардың әрқайсысының жеке тест нұсқасы болады. Сонымен қатар калькулятор мен Менделеев кестесі компьютер экранында көрсетіледі. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады, - деді министр.

Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Все новости