00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстандықтар 16-шы халықаралық олимпиадада екі медальге ие болды

21.08.2023 | 14:00
79
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Польшада астрономия және астрофизика пәні бойынша 16-шы халықаралық олимпиада аяқталды. Оған әлемнің 50 елінен 250-ден астам мектеп оқушысы қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл қазақстандық оқушылар халықаралық додада екі медаль жеңіп алды. Атап айтсақ, күміс медальді Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы Ахмаджон Табаров жеңіп алса, қола медаль Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы Елубай Бекасылға бұйырды.

Айта кетейік, астрономия және астрофизика бойынша халықаралық олимпиада - жыл сайын әлемнің жоғары сынып оқушылары арасында өткізілетін жарыс. Онда мектеп оқушылары теориялық тапсырмаларды орындап, деректерді талдап, бақылаулар жүргізді.

 Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып келеді. 

Все новости