00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Астаналық студенттер үшін автотехникалық орталықта оқу кабинеті ашылды

30.01.2024 | 11:51
116
Фото: Elorda.info

Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» «Пионер Subary» авотехникалық орталығымен дуальді оқыту бойынша келісшарт жасасты, деп хабарлады Elorda.info.

Сонымен қатар аталған автотехникалық орталығы базасында ашылған оқу кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі болды. Іс-шараға Астана қаласының білім беру басқармасы, «Аманат» партиясы филиалы, Автомобилистер ассоциациясы өкілдері қатысты. 

субару 1.jpg

Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» директордың оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Омарбек Тілеубаевтың айтуынша, оқу орны қаладағы 60-қа жуық кәсіпорынмен  іскерлік байланыс орнатқан.  Ондағы мақсат студенттердің оқу-тәжірибе алмасуын жандандыру.

Биылғы жылдан бастап «Пионер Subary» авотехникалық орталығымен келісімшартқа тұрдық. Келісімшарт нәтижесінде осы кәсіпорында студенттердің дуальді оқыту жүйесін енгізуді ұйғардық. Кәсіпорын басшылары бізге ұсынысымызға қолдау білдіріп, осындай оқу кабинетін жасақтап отыр. Бұл жерде біздің студенттеріміз өндірістік-оқыту сабақтарын оқып, одан кейін жөндеу жұмыс орындарында тәжірибеден өтеді. Соның ішінде күрделі қозғалтқыштардың жұмысын үйренеді. Автокөлікке қандай қызмет көрсету керек, соның бәрін меңгереді, - деді Омарбек Тілеубаев.

субару 2.jpg

Оның айтуынша, биыл, яғни бірінші жылы 24 студент осы кәсіпорыннан тәжірибе жинақтайды. Бір жақсысы, олардың өндірістік тәжірибеден өткен уақыты еңбек өтілі болып есептеледі. Кәсіпорын өз мүмкіндігі шеңберінде оларға еңбекақы төлеуі де мүмкін.  

Біз автокөліктерге қызмет көрсету нарығында 18 жылдан бері келеміз. Жеңіл автокліктерді жөндеу бойынша үлкен тәжірибеміз бар. Ең алғашқыда біз «Subary» көлігін жөндеуге бағытталдық. Қаржымыз бен аумағымыз кеңейген соң жаңа мамандарға деген қажеттілік туды. Бұл мақсатымызға біз студент жастарды үйрету арқылы жетеміз деп шештік. Міне, колледжбен келісімшартқа отырып, оқу-тәжірибеге арнайы кабинет ашып және жөндеу жұмыс орындарын ұсынып отырмыз. Болашақта жас мамандар кәсіби мамандардан тәлім алып, өз ісінің шеберлеріне айналады деген сенімдеміз, - деді «Пионер Subary» авотехникалық орталығы жетекшісінің орынбасары Илияс Жұмағұлов.

студ.jpg

Оның айтуынша, студенттерді автоцехтың болашақ мамандары ретінде тәжірибеден өткізген соң, әрі қарай да жас мамандарды біліктілігін көтеретін оқуға жіберіп, жұмыспен қамту мүмкіндігі қарастырылған. 

Ал елімізде 2025 жылға қарай дуалді оқытуға 100 пайыз көшу жоспары жасақталғанын ескерсек, аталған жоба – нәтижелі істердің бірі деуге болады. 

Все новости