00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Астаналық ұстаз оқушыларға есеп шығаруды Tik Tok арқылы үйретеді

20.04.2023 | 18:30
127
Фото: дереккөз

Мультфильм мен киноның кейіпкерлері математика тілінде сөйледі. Бұл Астанадағы №65 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Асқарбек Шойбасовтың еңбегінің арқасында мүмкін болды, деп хабарлады Elorda.info

Ұстаз оқушыларының есеп шығаруға деген қызығушылығын Tik Tok желісі арқылы тудырып, тың әдіс ойлап табуы оқушыларының оқу үлгеріміне оң әсерін тигізген. 

Маған еліміздегі үздік ұстаздардың бірінің шәкірті болу бақыты бұйырды. Асқарбек ағай сабақты өте қызықты түсіндіреді. Кез келген жаңа тақырыпты әртүрлі мысалдармен, кино, мультфильм6 аниме кейіпкерлері арқылы үйреткендіктен бірден қабылдаймыз. Және күрделі есептерді біз қиналмасын деп оңай жолмен шешуді көрсетеді. Математикаға деген үлкен қызығушылығымды тудырған оның шығармашылық тапсырмалары, әр тақырыпқа үлкен жауапкершілікпен қарайтыны, - дейді 8-сынып оқушысы Балнұр Жиенбек. 

Айта кетейік, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, педагог-зерттеуші Асқарбек Темірханұлы оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру үшін математикалық аниме кітап жазып жатыр. 2 жылдан астам уақыт Tik Tok арқылы қазақ тілінде есепті үйретіп жүрген ұстаз болашақта ғалым болуды армандайды. 

Менің өмірлік ұстанымым – «Үздіксіз білім алу, білгенімді үйрету». Атам физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент болған. Сол кісіге ұқсағым келіп және әжем мен анамның маған деген сенімінің арқасында осы мамандықты таңдадым. Одан өзге, Асқар Жұмаділдаев пен Уалбай Өмірбаев секілді мықты математик болғым келеді. Педагогикалық жолдағы мақсатым математика пәнін барлығы қызығып оқитындай инновациялық тәсілдермен математика сүйер қауымға ұсыну, - дейді Асқарбек Шойбасов. 

Сондай-ақ, Асқарбек Темірханұлының оқушылары қалалық, облыстық олимпиадалардың жүлдегерлері. 

Все новости