Астана мектептерінде 64 домбыра үйірмесі жұмыс істейді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_01_30_at_12_41_10_25_8df23a4940.jpeg)
Елорда мектептерінде «Алтын домбыра» жобасы бойынша 64 домбыра үйірмесі жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Қосымша білім беру саласындағы жаңа жобалар» тақырыбында өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржан Қайырбаева айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Қазіргі кезде 44 үйірмеде 1 656 бала, ал ақылы негізде 702 оқушы қамтылған.
![Фотода: Маржан Қайырбаева (Білім басқармасы баспасөз қызметінен)](/img/articles/uploads/4_817db69bbf.jpg)
Елордадағы жалпы білім беретін мектептерде «Оқушының мәдени нормативі» жобасы, «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру платформасы жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда Мәдениет басқармасымен бірлесіп «Балалар және театр» жобасы іске асырылуда. Балалар театрға тегін барады. Жыл соңына дейін 50 000-нан астам баланы қамту жоспарланып отыр. Жалпы білім беретін мектепте ұлттық спорт түрлері (тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату), ұлттық өнер (ұлттық аспаптар домбыра және дәстүрлі ән айту, қазақ биі, қазақ әні) бойынша ALTYN URPAQ жобасы іске асырылуда. Бұл жоба елорданың 40 мектебінде (оның ішінде 3 872 баланы қамтумен ұлттық спорт, 5 378 баланы қамтумен ұлттық өнер) 10 000-нан астам баланы қамтумен 170 педагог іске асырылды, - деді Білім басқармасы басшысының орынбасары.
Қазіргі уақытта Астанада 11 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымы, 158 филиал, 10 Community орталығы (2 Оқушылар сарайы, 3 Балалар музыкалық мектебі, 2 Өнер мектебі, 1 Балалар көркемсурет мектебі, 1 Техникалық шығармашылық орталығы, «Өркен» балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы) жұмыс істейді.
Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 24 000-нан астам бала, ОББ бар балалар үйірмелер мен секцияларға жеңілдікті және тегін негізде барады. Мектептен тыс ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептерде спорт секцияларымен қамтылған білім алушылардың үлесі 44,5% (88 555 бала) құрайды, - деді М.Қайырбаева.
Білім беру ұйымдарында 910 спорт секциясы жұмыс істейді. 92 мектепте ашық ауада көпфункционалды спорт алаңдары (жүгіру жолдары, футбол, баскетбол және волейбол алаңдары) бар. 88 мектеп футбол алаңдары, 71 мектеп баскетбол алаңдары, 67 мектеп волейбол алаңдары, 8 стационарлық хоккей корттары, 10 теннис корттары бар.
Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында 92 пікірталас клубы құрылды. Оған 38 269 білім алушы барады. Мұнда 557 мектеп турнирі өткізілді.
Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында 2022-2023 оқу жылынан бастап мектеп және студенттер Парламентінің жедел штабы құрамында 127 ұйым (94 мектеп және 33 колледж) бар, олардың саны - 69 634. «Жасыл мектеп» жобасы аясында, демеушілік көмекпен 18 мектепте және колледжде 19 жылыжай ашу жоспарланып отыр.
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында балаларды IT саласына қызықтыру мақсатында 100 орындық SANA креативті білім беру орталығының жұмысы іске асырылды. Ол робототехника кабинеті, «Makerspace» STEM кабинеті және «IT Lab» бағдарламалау секілді 3 алаңнан тұрады. Қазір Sana орталығында 2450 бала оқиды. Bilim Park жобасы сол жағалауда орналасқан, - деп сөзін түйіндеді Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржан Қайырбаева.
![](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![2025 жылға дейін елімізде 1 мың мектеп жаңғыртылады](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![BMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![Назарбаев университетіне жаңа президент тағайындалды](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![Елімізде мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![Елімізде болашақ журналистерді дайындайтын университеттер](/img/articles/794cc3f59cae66f25f990f7077b8caa7.jpeg)
![Елімізде 500-ден астам кәсіпорын колледждерге қолдау көрсетеді](/img/articles/0ed4a3796cba221572c0eba9642bfe98.webp)
![Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады](/img/articles/a232b0cf2b992b0b982bfc0fa044d49e.jpeg)
![XXV республикалық «Абай оқулары» басталды](/img/articles/5c05ab5b51d447f4695b92824adfe3be.jpeg)
![НЗМ түлектері жалған емтихан тапсырмаларын таратқаны үшін жазаланды](/img/articles/3b3b5fd8e14133997fcb3f90c033f231.jpg)
![Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды жинады](/img/articles/c180ab1da104f3d2747bd542c9649f62.webp)
![5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады](/img/articles/uploads/636cce6ba8360010528550_0ae21b35f9.jpg)
![Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар](/img/articles/uploads/630ee3883b61a087127107_45c9bab3f0.jpg)
![Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады](/img/articles/uploads/62f22343405aa087105560_3732954a31.jpeg)
![Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы](/img/articles/uploads/63e4811c2fb71250656640_ebea37f274.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді](/img/articles/uploads/int_3e45d47d3c.jpg)
![ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды](/img/articles/uploads/kesteshka_30f3eb360c.webp)
![Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті](/img/articles/uploads/fm_53045e9a47.jpg)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![Ауыл балалары шетелдік үздік университеттерде тегін оқи алады](/img/articles/5f96918b287db3942c65f5f89272a479.jpg)