Саясат Нұрбек Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
![](/img/articles/uploads/63f8588ad0cff212889849_1cb2c0a9a5.jpg)
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Кэти Личпен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара барысында жоғары білім және ғылым саласындағы екі жақты қатынастарға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
Министр елшіге ақпан айының басында өткен 9-шы Ұлыбритания-Қазақстан «Жоғары білім саласындағы мемлекеттер ынтымақтастығы арқылы мемлекетаралық байланыстарды нығайту» үкіметаралық комиссиясының жұмыс қорытындылары жайлы айтты. Сондай-ақ, мейманға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен министрліктің негізгі басымдықтарын таныстырды.
Мемлекет басшысы ғылым және жоғары білім министрлігінің алдына елдегі ғылымды, оның ішінде университеттік ғылымды дамыту бойынша міндеттер қойды. Осы мақсатта ҚР Үкіметі ынтымақтастық географиясын кеңейту үшін жағдай жасауда. Қазіргі уақытта Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында Heriot-Watt университетін ашу жұмыстары жүргізілуде, – деді Саясат Нұрбек.
Кездесу соңында тараптар Ұлыбританияда «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруды талқылап, екі елдің жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мүмкіндігін қарастыруға келісті.
![](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![2025 жылға дейін елімізде 1 мың мектеп жаңғыртылады](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![BMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![Назарбаев университетіне жаңа президент тағайындалды](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![Елімізде мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![Елімізде болашақ журналистерді дайындайтын университеттер](/img/articles/794cc3f59cae66f25f990f7077b8caa7.jpeg)
![Елімізде 500-ден астам кәсіпорын колледждерге қолдау көрсетеді](/img/articles/0ed4a3796cba221572c0eba9642bfe98.webp)
![Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады](/img/articles/a232b0cf2b992b0b982bfc0fa044d49e.jpeg)
![XXV республикалық «Абай оқулары» басталды](/img/articles/5c05ab5b51d447f4695b92824adfe3be.jpeg)
![НЗМ түлектері жалған емтихан тапсырмаларын таратқаны үшін жазаланды](/img/articles/3b3b5fd8e14133997fcb3f90c033f231.jpg)
![Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды жинады](/img/articles/c180ab1da104f3d2747bd542c9649f62.webp)
![5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады](/img/articles/uploads/636cce6ba8360010528550_0ae21b35f9.jpg)
![Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар](/img/articles/uploads/630ee3883b61a087127107_45c9bab3f0.jpg)
![Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады](/img/articles/uploads/62f22343405aa087105560_3732954a31.jpeg)
![Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы](/img/articles/uploads/63e4811c2fb71250656640_ebea37f274.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді](/img/articles/uploads/int_3e45d47d3c.jpg)
![ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды](/img/articles/uploads/kesteshka_30f3eb360c.webp)
![Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті](/img/articles/uploads/fm_53045e9a47.jpg)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![Ауыл балалары шетелдік үздік университеттерде тегін оқи алады](/img/articles/5f96918b287db3942c65f5f89272a479.jpg)