Еліміздегі бес колледж студенттерді лицензиясыз оқытқан
![](/img/articles/uploads/63eb46c1c2fb0372658621_4f6030a553.jpg)
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінде айтылды. Мемлекеттік аттестаттау кезінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бірқатар жүйелік проблемалар анықталды, деп хабарлады Elorda.info.
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің ақпараты бойынша, биыл елімізде 520 колледж мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Бақылау шараларынан бұрын олардың әрқайсысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік аттестаттауды өткізу лицензиясыз білім беру қызметімен айналысатын колледждерді анықтауға ықпал етті. Бұл Қостанай облысының Денисов кәсіптік-техникалық колледжі, Қарағанды облысының А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық, Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледж және Теміртау жоғары политехникалық колледжі, – дейді комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.
Сондай-ақ тексерілген 315 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының 198-і аттестаттаудан өтпеген. Олардың басым бөлігі Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Жетісу және Түркістан облыстарында орналасқан.
Аттестаттаудан өтпеу себептері – техникалық және кәсіптік білім ұйымдары әзірлейтін білім беру бағдарламаларына сай болмауы, МЖМБС талаптарына сәйкес оқытушылардың сапалық құрамының (салаға сай мамандар емес, тиісті санаттағы оқытушылардың аздығы) болмауы.
Бұдан басқа, өндірістік оқытуды жоспарлау мен өткізудегі, оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалаудағы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жеке оқу бағдарламалары мен жоспар дайындаудағы қателіктердің орын алуы.
Бұл ретте Астана және Алматы қалаларының, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарының колледждері жақсы нәтижелер көрсетіп отыр.
![](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![2025 жылға дейін елімізде 1 мың мектеп жаңғыртылады](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![BMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![Назарбаев университетіне жаңа президент тағайындалды](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![Елімізде мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![Елімізде болашақ журналистерді дайындайтын университеттер](/img/articles/794cc3f59cae66f25f990f7077b8caa7.jpeg)
![Елімізде 500-ден астам кәсіпорын колледждерге қолдау көрсетеді](/img/articles/0ed4a3796cba221572c0eba9642bfe98.webp)
![Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады](/img/articles/a232b0cf2b992b0b982bfc0fa044d49e.jpeg)
![XXV республикалық «Абай оқулары» басталды](/img/articles/5c05ab5b51d447f4695b92824adfe3be.jpeg)
![НЗМ түлектері жалған емтихан тапсырмаларын таратқаны үшін жазаланды](/img/articles/3b3b5fd8e14133997fcb3f90c033f231.jpg)
![Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды жинады](/img/articles/c180ab1da104f3d2747bd542c9649f62.webp)
![5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады](/img/articles/uploads/636cce6ba8360010528550_0ae21b35f9.jpg)
![Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар](/img/articles/uploads/630ee3883b61a087127107_45c9bab3f0.jpg)
![Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады](/img/articles/uploads/62f22343405aa087105560_3732954a31.jpeg)
![Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы](/img/articles/uploads/63e4811c2fb71250656640_ebea37f274.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді](/img/articles/uploads/int_3e45d47d3c.jpg)
![ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды](/img/articles/uploads/kesteshka_30f3eb360c.webp)
![Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті](/img/articles/uploads/fm_53045e9a47.jpg)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![Ауыл балалары шетелдік үздік университеттерде тегін оқи алады](/img/articles/5f96918b287db3942c65f5f89272a479.jpg)