00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Отандық ғылыми жобаларды қаржыландыру екі есе өсті – министр

31.03.2023 | 22:59
Елорда ақпарат
89

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері қаралды, деп хабарлады Elorda.info.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, коммерцияландыру туралы заңның қабылдануымен 2016, 2017 және 2018 жылдары Ғылым қоры грант алуға үш конкурс өткізіп, нәтижесінде 150-ден астам жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. Оларды іске асыру 140 ғылымды қажет ететін өндірістің құрылуына әкелді, бұл ретте 15 жоба экспортқа шықты, ал тағы бес жоба 1 млрд теңгеден астам сатылым жасайтын деңгейге жетті.

Нәтижелер жаман емес. 3 жылда 15 миллиардтай ақша құйылып, ол 55 миллиардқа жуық нәтиже берді, – деді С.Нұрбек.

Министр 2023-2025 жылдары ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру сомасы екі есе өскенін айтты.

Все новости