00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мектептер қызметі бір жылда 10 пайызға қымбаттады

31.03.2023 | 22:44
Айман Нығмет
51

2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, негізгі және жалпы орта білім беру бойынша барлық білім беру ұйымдары көрсеткен қызмет көлемі 444,9 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 12,5%-ға артық, деп хабарлады Elorda.info Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қызметтердің барлық дерлік көлемі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылды. Халық қаражаты есебінен 10,2 млрд теңгеге, кәсіпорындар қаражаты есебінен 1,7 млрд теңге қызмет көрсетілді.

Өңірлер бойынша негізгі және жалпы орта білім беру саласында қызмет көрсетудің ең көп көлемі Алматы облысына тиесілі: 48 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 24%-ға аз. Одан кейін Түркістан және Қызылорда облыстары.

Ең аз қызмет Ұлытау (3,1 млрд теңге), Солтүстік Қазақстан (13,9 млрд теңге) және Атырау (14,4 млрд теңге) облыстарында көрсетілген.

Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша, орта білім беру қызметтерінің бағасы бір жылда 9,5%-ға өсті. Баға ең көп өскен өңір Павлодар облысы. Айтарлықтай өсім Түркістан және Атырау облыстарында да байқалды.

Баға бір жылда ең аз өскен өңір Қарағанды және Ұлытау облыстары.Тағы төрт өңірде — Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Жетісу облыстарында — баға өткен жылдың қаңтар айындағы деңгейде қалды.

Все новости