Елімізде білім беру қызметі бір жылда 15% қымбаттады
![](/img/articles/uploads/63c785d146c53061486344_7a82dc5405.jpg)
2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша білім беру қызметтері бір жылда 14,5% қымбаттаған, деп хабарлады Elorda.info.
Ranking.kz мәліметінше, баға ең көп қымбаттаған Атырау облысы: бір жылда бірден 60,4%. Одан кейін Түркістан (28,2% қымбаттаған), Қарағанды (21,9% қымбаттаған), Шығыс Қазақстан (19,9% қымбаттаған) және Павлодар (19% қымбаттаған) облыстары. Ең аз жылдық баға өсімі Алматы облысында тіркелді: 5,3%.
Қызмет көрсету түрлері бойынша мектепке дейінгі және бастауыш білім 11,1%, орта білім – 9,6%, кәсіптік орта білім – 20,2%, жоғары білім – 17%, ересектерге арналған білім – 15,9% қымбаттады.
2022 жылдың үшінші тоқсанында білім беру саласында көрсетілген қызмет көлемі 949,8 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 17,4% көп. Білім беру қызметтерінің басым бөлігі бюджет қаражаты есебінен көрсетілді: 836,6 млрд теңге. Тағы 90,4 млрд теңгені халық төлесе, 22,9 млрд теңгені кәсіпорындар төледі.
Білім беру түрлері бойынша қызметтердің құндық мәндегі ең үлкен көлемі негізгі және жалпы орта білім беру саласына тиесілі: 444,9 млрд теңге, бір жыл бұрынғыдан 12,5% көп. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында көрсетілген қызмет көлемі 158,7 млрд теңгеге, жоғары білім беру саласында 110,2 млрд теңгеге жетті.
Өңірлер ішінде ең көп қызмет дәстүрлі түрде Алматыда көрсетілді: 113,1 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 16,6% артық. Көшбасшы өңірлердің үштігіне сондай-ақ елорда (98,8 млрд теңге, бір жылда 61,3% көбейген) және Түркістан облысы (98,7 млрд теңге, 29,1% көбейген) кірді.
Ең аз қызмет көрсетілген өңірлер Ұлытау, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстары.
![](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![2025 жылға дейін елімізде 1 мың мектеп жаңғыртылады](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![BMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![Назарбаев университетіне жаңа президент тағайындалды](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![Елімізде мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![Елімізде болашақ журналистерді дайындайтын университеттер](/img/articles/794cc3f59cae66f25f990f7077b8caa7.jpeg)
![Елімізде 500-ден астам кәсіпорын колледждерге қолдау көрсетеді](/img/articles/0ed4a3796cba221572c0eba9642bfe98.webp)
![Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады](/img/articles/a232b0cf2b992b0b982bfc0fa044d49e.jpeg)
![XXV республикалық «Абай оқулары» басталды](/img/articles/5c05ab5b51d447f4695b92824adfe3be.jpeg)
![НЗМ түлектері жалған емтихан тапсырмаларын таратқаны үшін жазаланды](/img/articles/3b3b5fd8e14133997fcb3f90c033f231.jpg)
![Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды жинады](/img/articles/c180ab1da104f3d2747bd542c9649f62.webp)
![5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады](/img/articles/uploads/636cce6ba8360010528550_0ae21b35f9.jpg)
![Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар](/img/articles/uploads/630ee3883b61a087127107_45c9bab3f0.jpg)
![Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады](/img/articles/uploads/62f22343405aa087105560_3732954a31.jpeg)
![Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы](/img/articles/uploads/63e4811c2fb71250656640_ebea37f274.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді](/img/articles/uploads/int_3e45d47d3c.jpg)
![ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды](/img/articles/uploads/kesteshka_30f3eb360c.webp)
![Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті](/img/articles/uploads/fm_53045e9a47.jpg)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![Ауыл балалары шетелдік үздік университеттерде тегін оқи алады](/img/articles/5f96918b287db3942c65f5f89272a479.jpg)