Оқу-ағарту министрі бала құқықтары жөніндегі уәкілдермен кездесті
![](/img/articles/uploads/63c125bdb56b4447942171_58929883f9.jpg)
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің аймақтарындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдермен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Жиында қатысушылар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау жайында пікірлерін ортаға салып, ең өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесуде буллингпен күрес, білім беру мекемелерін бейнебақылау камералары және дабыл белгілерімен қамту, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың техникалық және кәсіптік білім алуына жағдай жасау, ПМПК ашу, тәрбие жұмысында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға басымдық беру және тағы басқа ұсыныстар көтерілді.
Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігіне жауапты өзге де ведомстволармен ынтымақтастық орнатып, тығыз байланыста болу үшін ортақ алаң құру бастамасы көтерілді. Оқу-ағарту министрі балалардың мүддесін қорғау жұмысына қоғам болып жұмылып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Елімізде 6,5 млн-нан астам бала бар. Барлық баланы қамтуға бір министрліктің күші жетпейді. Сол себепті бала құқықтары жөніндегі уәкілдермен әріптестік орнатып, тығыз жұмыс істеу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру біз үшін өте маңызды. Осы үлгіде облыстық, аудандық, ауылдық деңгейлерде де ынтымақтастық орнатылуы керек. Жергілікті жердегі басшылар сіздердің жұмыстарыңыздың маңызын жіті түсініп, қолдау көрсетулері керек, - деді Ғани Бейсембаев.
Кездесуде аймақтарда көшпелі семинарлар өткізу туралы ұсыныс айтылды. Бұдан бөлек, балалардың құқығын қорғау ісінде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру үшін «Әкелер кеңесі» және «Аналар кеңесінің» жұмысын жандандыру мәселесі талқыланды.
![](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![2025 жылға дейін елімізде 1 мың мектеп жаңғыртылады](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![BMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![Назарбаев университетіне жаңа президент тағайындалды](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![Елімізде мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![Елімізде болашақ журналистерді дайындайтын университеттер](/img/articles/794cc3f59cae66f25f990f7077b8caa7.jpeg)
![Елімізде 500-ден астам кәсіпорын колледждерге қолдау көрсетеді](/img/articles/0ed4a3796cba221572c0eba9642bfe98.webp)
![Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады](/img/articles/a232b0cf2b992b0b982bfc0fa044d49e.jpeg)
![XXV республикалық «Абай оқулары» басталды](/img/articles/5c05ab5b51d447f4695b92824adfe3be.jpeg)
![НЗМ түлектері жалған емтихан тапсырмаларын таратқаны үшін жазаланды](/img/articles/3b3b5fd8e14133997fcb3f90c033f231.jpg)
![Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды жинады](/img/articles/c180ab1da104f3d2747bd542c9649f62.webp)
![5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады](/img/articles/uploads/636cce6ba8360010528550_0ae21b35f9.jpg)
![Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар](/img/articles/uploads/630ee3883b61a087127107_45c9bab3f0.jpg)
![Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады](/img/articles/uploads/62f22343405aa087105560_3732954a31.jpeg)
![Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы](/img/articles/uploads/63e4811c2fb71250656640_ebea37f274.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді](/img/articles/uploads/int_3e45d47d3c.jpg)
![ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды](/img/articles/uploads/kesteshka_30f3eb360c.webp)
![Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті](/img/articles/uploads/fm_53045e9a47.jpg)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![Ауыл балалары шетелдік үздік университеттерде тегін оқи алады](/img/articles/5f96918b287db3942c65f5f89272a479.jpg)