00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі шықты

31.03.2023 | 21:31
Елорда ақпарат
82

Магистратура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және Қазақстан студенттер альянсының өкілдері кірді.

Білім беру гранттарын беру конкурсына барлығы 2 029 адам қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша 1 774 адам мемлекеттік білім беру грантының иегерлері атанды, оның ішінде бейіндік магистратура бойынша 100 грант, - делінген ақпаратта.

Оқуға қабылдау 10 қаңтардан ЖОО-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады. Грант тізімін мына жерден көре аласыздар. 

Все новости