Президенттік олимпиада жүлдегерлері гранттар мен стипендияларға ие болды
![](/img/articles/uploads/6389c2655ea8b150162480_349db5105e.jpg)
54 оқушы жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар еліміздің алдыңғы қатарлы университеттеріне 35 грант пен 12 атаулы стипендияны жеңіп алды.
Олимпиаданың XV мерейтойының жабылу рәсімі Академик Е. Бөкетов атындағы университетте өтті.
Президенттік олимпиаданың арқасында оқушыларымыз өз әлеуетін ашып, білім гранттары түріндегі қомақты қолдауға ие болып жатыр. Балалардың олимпиадаға қатысу көрсеткіші өсіп келеді. Олар математика, биология, химия және физика пәндері бойынша білімдерін сарапқа салды. Байқауға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатыса алатынын еске сала кетейін. Былтыр министрліктің бастамасымен Қазақстанның 20 ЖОО осы олимпиаданың жеңімпаздарына 50-ге жуық грант бөлді. Ал биыл «Дарын» өкілдері жоғары оқу орындарын грант бөлуге шақырған болатын. Нәтижесінде 6 университет жеңімпаздарымызға 35 грант пен 12 атаулы стипендия бөлді. Дарынды балаларымызға қолдау көрсеткен жоғары оқу орындарының басшыларына алғысымыз шексіз, - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен 9 қатысушы, ІІ дәрежелі дипломмен 18 қатысушы және ІІІ дәрежелі дипломмен 27 қатысушы марапатталды. Сондай-ақ ең жоғары балл жинаған 35 жеңімпазға Қазақстан-Британ техникалық университетінде (9), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде (4), Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде (5) және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде (5), С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде (12) оқу үшін білім гранттары тағайындалды. Сондай-ақ академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 12 жүлдегерге атаулы стипендия табыс етті.
![](/img/articles/a232b0cf2b992b0b982bfc0fa044d49e.jpeg)
![](/img/articles/5c05ab5b51d447f4695b92824adfe3be.jpeg)
![](/img/articles/3b3b5fd8e14133997fcb3f90c033f231.jpg)
![](/img/articles/c180ab1da104f3d2747bd542c9649f62.webp)
![Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады](/img/articles/a232b0cf2b992b0b982bfc0fa044d49e.jpeg)
![XXV республикалық «Абай оқулары» басталды](/img/articles/5c05ab5b51d447f4695b92824adfe3be.jpeg)
![НЗМ түлектері жалған емтихан тапсырмаларын таратқаны үшін жазаланды](/img/articles/3b3b5fd8e14133997fcb3f90c033f231.jpg)
![Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды жинады](/img/articles/c180ab1da104f3d2747bd542c9649f62.webp)
![«Педагогикалық идеялар панорамасы»: Байқауға қатысуға 170 өтінім қабылданды](/img/articles/07d3744b5664cc89aac910d01721b9fc.jpg)
![Биыл 186 000 түлек мектеппен қоштасады](/img/articles/c732cd3215c46f7909c694f5ccfe456e.jpg)
![«Aqyl Battle CUP-2024» КТК зияткерлік сайысының жаңа маусымы басталды](/img/articles/e0d1a239746dd9bf420e754f845a99d9.jpeg)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Қазақстандық студенттер Ресейдегі терактіден зардап шеккен жоқ – Саясат Нұрбек](/img/articles/b4c80064a2aaa6340c81b0e4f8bb5536.jpg)
![Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар](/img/articles/uploads/630ee3883b61a087127107_45c9bab3f0.jpg)
![5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады](/img/articles/uploads/636cce6ba8360010528550_0ae21b35f9.jpg)
![Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады](/img/articles/uploads/62f22343405aa087105560_3732954a31.jpeg)
![Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы](/img/articles/uploads/63e4811c2fb71250656640_ebea37f274.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді](/img/articles/uploads/int_3e45d47d3c.jpg)
![Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті](/img/articles/uploads/fm_53045e9a47.jpg)
![Ауыл балалары шетелдік үздік университеттерде тегін оқи алады](/img/articles/5f96918b287db3942c65f5f89272a479.jpg)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![Елімізде ғылыми-зерттеу академиялық хабы құрылады](/img/articles/uploads/hab_c83cdf1cbe.jpg)