00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстандық қанша ғалым шетелде тағылымдамадан өтіп жатыр

31.03.2023 | 19:59
Елорда ақпарат
87

«Болашақ» бағдарламасы бойынша 416 қазақстандық ғалым үздік шетелдік жоғары оқу орындары мен әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында «Ғалымдар» санаты бойынша тағылымдамадан өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Отандық ғалымдар бағдарлама шеңберінде әлемнің 24 еліндегі 148 жетекші ғылыми орталықта, ЖОО мен салалық ұйымда зерттеулер жүргізуде. Қазақстандықтар жиі таңдайтын елдердің қатарында АҚШ пен Ұлыбритания бар. Ғалымдар Колумбия университеті, Лондондағы Империал колледжі, Джон Хопкинс университеті, Макс Планк институты және т.б. жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.

Қазақстандық ғалымдардың халықаралық зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту үшін мемлекеттің қолдауымен грант алуға мүмкіндігі бар. Осы мақсатта жыл сайын 500 грант бөлінеді. Қазіргі кезде ғалымдарды іріктеу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп, ғылыми тағылымдамалардың сапалы бағдарламаларын әзірлеу үшін отандық ЖОО-лар мен ғылыми орталықтарға шетелдік серіктестермен байланыс орнатуға көмектесіп жатырмыз, - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Қазақстандық мамандар робототехника, жасанды интеллект, ақпараттық киберқауіпсіздік, криптография, нанотехнологиялар және т.б. сұранысқа ие мамандықтар бойынша тағылымдамадан өтіп жатыр. Жалпы, «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуге арналған тізімге 158 мамандық кіреді.

Все новости