Республика күніне орай барлық мектепте салтанатты жиындар өтеді
![](/img/articles/uploads/634e767f22313572726861_ec6d38e3b4.jpg)
21 қазанда Қазақстанның барлық мектебі мен колледжінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Онда оқушылар мен студенттер әнұранды орындайды. Сол күні оқу озаттары марапатталып, барлық білім ордасында «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» тақырыбында республикалық сынып сағаты өтеді.
Еліміздің білім беру ұйымдарында Республика күнін мерекелеу жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Республика күні – мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мереке. Бала кезінен бастап балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарауға баулу маңызды. Осы себептен еліміздегі барша оқушы үшін шығармашылық, танымдық, спорттық, мерекелік іс-шараларды жоспарлап отырмыз, - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар 17 қазанда басталды. 1-4 сынып оқушылары арасында «Атамекен» тақырыбы бойынша бірыңғай жалпыхалықтық диктант өткізіледі. 5-11 сынып оқушылары арасында жалпыұлттық бірыңғай эссе байқауы өтеді. Ал жоғары сынып оқушылары, яғни 9-11 сынып оқушылары арасында «Мен өз елімнің азаматымын!» тақырыбында пікірсайыстар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар «Қыран елім – Қазақстаным!» жалпыреспубликалық патриоттық акциясы аясында кітап оқығыштар байқауын, спорттық сайыстарды және «Ұлттың ұлы ұстаздары» республикалық шығармашылық байқауын өткізу жоспарланып отыр.
![](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![2025 жылға дейін елімізде 1 мың мектеп жаңғыртылады](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![BMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![Назарбаев университетіне жаңа президент тағайындалды](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![Елімізде мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![Елімізде болашақ журналистерді дайындайтын университеттер](/img/articles/794cc3f59cae66f25f990f7077b8caa7.jpeg)
![Елімізде 500-ден астам кәсіпорын колледждерге қолдау көрсетеді](/img/articles/0ed4a3796cba221572c0eba9642bfe98.webp)
![Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады](/img/articles/a232b0cf2b992b0b982bfc0fa044d49e.jpeg)
![XXV республикалық «Абай оқулары» басталды](/img/articles/5c05ab5b51d447f4695b92824adfe3be.jpeg)
![НЗМ түлектері жалған емтихан тапсырмаларын таратқаны үшін жазаланды](/img/articles/3b3b5fd8e14133997fcb3f90c033f231.jpg)
![Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды жинады](/img/articles/c180ab1da104f3d2747bd542c9649f62.webp)
![5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады](/img/articles/uploads/636cce6ba8360010528550_0ae21b35f9.jpg)
![Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар](/img/articles/uploads/630ee3883b61a087127107_45c9bab3f0.jpg)
![Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады](/img/articles/uploads/62f22343405aa087105560_3732954a31.jpeg)
![Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы](/img/articles/uploads/63e4811c2fb71250656640_ebea37f274.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді](/img/articles/uploads/int_3e45d47d3c.jpg)
![ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды](/img/articles/uploads/kesteshka_30f3eb360c.webp)
![Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті](/img/articles/uploads/fm_53045e9a47.jpg)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![Ауыл балалары шетелдік үздік университеттерде тегін оқи алады](/img/articles/5f96918b287db3942c65f5f89272a479.jpg)