00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау жалғасып жатыр

31.03.2023 | 17:36
Елорда ақпарат
78

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Өтінімдер биылғы 14 қазанға дейін eGov.kz. мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады. 

2022 жылы магистратура мен резидентураға 385 стипендия, докторантураға 60 стипендия, тағылымдама бағдарламасына 110 стипендия бөлінді. 

Еске сала кетсек, биыл 23 мамырда «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратура, докторанутра және резидентураға түсу үшін, 5 қыркүйекте жетекші ЖОО-лар мен ұйымдарда шетелдік тағылымдамадан өтуге құжаттар қабылдау басталды. 

Конкурстық іріктеу толығымен онлайн режимінде өтеді. Үміткерлерге онлайн платформада жеке кабинет ұсынылады. Онда барлық хабарландыруларды бақылауға, жоспарланған іріктеу турларынан өтуге және нәтижені білуге болады.

Конкурстық іріктеуге кез келген азамат қатыса алады, жас шектеулері жоқ. Өтінім тапсырған кезде оқу/тағылымдамадан өту және кейінгі еңбекпен өтеу мерзімі зейнеткерлік жастан аспауы тиіс.

Все новости