00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ғылым және жоғары білім министрі Димаш Құдайбергенмен кездесті

25.02.2023 | 12:30
Елорда ақпарат
75

Кездесу барысында жастар шығармашылығын дамыту жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ министр әншінің ұсынған идеялары министрлік деңгейінде қаралатын болатынын жеткізді.

«Әлемге әйгілі әнші студенттік шығармашылықты дамыту және студент жастардың қатысуымен болатын жобалары жөніндегі идеяларымен бөлісті.⠀ Сонымен қатар шығармашылық индустрия және мәдениет саласындағы менеджмент саласына қажетті кадрлар даярлау мәселесі де талқыланды. Димаш Құдайбергеннің ұсынған идеяларын біз Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмысы барысында міндетті түрде ескеретін боламыз.⠀ Алдағы уақытта да байланысымызды үзбей, үнемі пікір алмасып тұратын болып келістік.⠀ Димаш өз мүмкіндіктері мен күш-жігерін ғылым мен білімді насихаттауға салуға дайын екендігі біз үшін өте қуанышты, - деп жазды ведомство басшысы Instagram-да.

Все новости