00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 128 мың грант бөлінді

25.02.2023 | 11:27
Айман Нығмет
74

Биылғы грант саны өткен жылмен салыстырғанда 45 мың орынға артық. Талапкерлерде 4 мамандық пен 4 колледжді таңдау мүмкіндігі бар. Тегін оқуға болатын мамандықтар тізімін әр аймақтағы білім басқармаларының сайтынанда жазылады.

«Колледжге түсу үшін бар болғаны 4 құжат тапсыру жеткілікті. Ол үшін үйден шығудың да қажеті жоқ. Талапкерлер құжаттарын Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы тапсыра алады. Құжат қабылдау 25 маусымнан 20 тамызға дейін жалғасады. Ал нәтижесін 20-25 тамыз аралығында біле аласыздар»,- деді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басқарма басшысы Алтай Рахимберлин.

Все новости