00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Биыл негізгі ҰБТ-ға 130 мыңнан астам талапкер тіркелді

25.02.2023 | 06:01
Елорда ақпарат
100

Тестілеудің өзі 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында өтініш беруге болады.  

Биыл талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады. Екі тестілеу кезінде бейінді пәндердің бір ғана комбинациясын таңдауға болады. Пәндердің саны өзгеріссіз қалады – үш міндетті және екі таңдау бойынша. Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихынан – 15, математикалық сауаттылықтан – 15, оқу сауаттылығынан – 20 және екі бейіндік пәннен – 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат, - деді Ә.Тойбаев. 

Сонымен қатар, үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат аппеляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Все новости