«Алтын белгіге» үміткерлер математика емтиханын Назарбаев мектептерінде тапсырады
![](/img/articles/uploads/6267d0d54914d383806221_ee519ae34e.jpg)
Былтыр «Алтын белгілер» саны 9 мыңнан асты. Білім министрлігі бұл процесті бақылап отырады. Биыл жалпы мектеп бітіретін оқушылар саны 170 мыңнан асып отыр. Жыл басында осы оқушылардың 12 мыңнан астамы «Алтын белгіге» үміткер болды. Қазір IV тоқсанда үміткерлер саны 7,5 мыңға дейін азайды. Мұны да қарап, қадағалап отырмыз, – деді Шолпан Каринова.
Мұнымен қатар, вице-министр академиялық адалдық мәселесіне тоқталды. Айтуынша, «Алтын белгіге» үміткерлердің теңдігін қамтамасыз ету үшін олар бір пән бойынша емтиханда Назарбаев зияткерлік мектебінде тапсырады.
Биыл академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін бір өзгеріс енгізілді. 5 пән мен қорытынды аттестаттау кезіндегі тапсырмалар мен материалдарға қойылатын талаптар сол күйі қалды. Барлық пән бойынша 5-11-сыныптардағы пәндер бойынша қорытынды аттестаттау жүргізіледі. Тек биыл «Алтын белгіге» үміткерлер математика пәні бойынша емтиханды Назарбаев зияткерлік мектебіне барып тапсырады. Бұл академиялық адалдықты насихаттау үшін жасалатын жұмыстың бір бөлігі. «Алтын белгі» үміткерлері өз мектебінде тапсырса, оларға мұғалімдері көмектескісі келуі мүмкін. Біздің басты мақсатымыз – «Алтын белгі» үміткерлерінде тең мүмкіндіктің болуын қамтамасыз ету, – деп қосты вице-министр.
Сондай-ақ, Шолпан Каринова дәстүрлі және зияткерлік мектептерде тапсырылатын математика пәні бойынша емтихан тапсырмаларының бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ екенін айтты.
Көп ата-ана зияткерлік мектептерде тапсыратын емтихан тапсырмаларында өзгеріс бар деп ойлауы мүмкін. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Емтихан қай жақта өтсе де, бір ғана тапсырма қолданылады, – деді Шолпан Каринова.
Бұдан өзге ол оқушылардың кез келген уақытта «Алтын белгіге» үміткерліктен бас тарта алатынын айтты. Кейін бұл оқушылар емтиханды өз мектебінде тапсырып, үздік аттестат ала алады.
Біріншіден, мектеп оқушылары қобалжымауы тиіс. Жергілікті білім басқармалары оқушыларды зияткерлік мектепке апару жолын ұйымдастырып, оларға емтихан өтетін жерді алдын ала көрсетеді, ––деді вице-министр.
![](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![2025 жылға дейін елімізде 1 мың мектеп жаңғыртылады](/img/articles/c9b2591160dd0713500dc4834ee628b1.jpg)
![BMO Балқан математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті](/img/articles/b5cb920f96d3ef2e592003b02de9a021.jpeg)
![Назарбаев университетіне жаңа президент тағайындалды](/img/articles/277824d09d202de6af281c4c70634c3d.jpg)
![Елімізде мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды](/img/articles/7486692bcae179de1ebda6807fc6dab3.webp)
![Елімізде болашақ журналистерді дайындайтын университеттер](/img/articles/794cc3f59cae66f25f990f7077b8caa7.jpeg)
![Елімізде 500-ден астам кәсіпорын колледждерге қолдау көрсетеді](/img/articles/0ed4a3796cba221572c0eba9642bfe98.webp)
![Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады](/img/articles/a232b0cf2b992b0b982bfc0fa044d49e.jpeg)
![XXV республикалық «Абай оқулары» басталды](/img/articles/5c05ab5b51d447f4695b92824adfe3be.jpeg)
![НЗМ түлектері жалған емтихан тапсырмаларын таратқаны үшін жазаланды](/img/articles/3b3b5fd8e14133997fcb3f90c033f231.jpg)
![Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары ұпайды жинады](/img/articles/c180ab1da104f3d2747bd542c9649f62.webp)
![5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады](/img/articles/uploads/636cce6ba8360010528550_0ae21b35f9.jpg)
![Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар](/img/articles/uploads/630ee3883b61a087127107_45c9bab3f0.jpg)
![Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады](/img/articles/uploads/62f22343405aa087105560_3732954a31.jpeg)
![Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы](/img/articles/uploads/63e4811c2fb71250656640_ebea37f274.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді](/img/articles/uploads/int_3e45d47d3c.jpg)
![ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды](/img/articles/uploads/kesteshka_30f3eb360c.webp)
![Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті](/img/articles/uploads/fm_53045e9a47.jpg)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![Ауыл балалары шетелдік үздік университеттерде тегін оқи алады](/img/articles/5f96918b287db3942c65f5f89272a479.jpg)