00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қашықтан оқу кезінде білім сапасы төмендеді – Қасымхан Сенғазыев

25.02.2023 | 04:47
Елорда ақпарат
85

Биыл жиі талқыланған мәселелердің бірі қашықтан оқу формасы болды. Elorda.info редакциясы жүргізген сауалнамаға қатысқандардың 74%-ы онлайн оқудың сапасына көңілі толмайтынын айтқан.

Қашықтан оқыту әдісіне көшу елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәжбүрлі шара болған еді.

Сенғазыевтың сөзінше, әсіресе алғашқы жартыжылдық оқушылар үшін ең ауыр кезең болды. Мұғалімдерге де дәстүрлі оқыту әдісінен ауысу оңайға соқпады.

Мұғалімдер өз пәнінің мазмұнын экран арқылы жеткізу керек болды. Алайда кенеттен болған мұндай өзгерістерге қарамастан, олар жаңа талаптарға тез бейімделіп кетті. Әкімдік тарапынан барлық қажетті жағдай жасалды, - деді басқарма басшысы YouTube желісіндегі El-Orda арнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол бұл кезеңде білім беру сапасының төмендеп кеткенін атап өтті.

Онлайн оқыту балалардың білім алу деңгейіне әсер еткенін мойындаймыз. Дегенмен қашықтан оқыту форматынан дәстүрлі форматқа көшкеннен кейін оқушылардың нәтижесі онлайн оқу кезіндегіден де нашарлағанын айта кету керек. Егер онлайн оқу кезінде қала бойынша білім деңгейі 67%-ды құраса, офлайн оқуға көшкенде ол 52%-ға түсіп кетті, - деді ведомство басшысы.

Все новости