00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Болашақта физика саласында оқушылар дайындағым келеді – Нұрдәулет Назарбай

25.02.2023 | 03:51
Елорда ақпарат
123

Нұрдәулет физика пәнін 7-сыныптан бастап таңдаған. Бұл пәнге қызығушылығы сабақ беретін мұғалімдері арқылы артқан:

Мектепте 7-сыныпта жаратылыстану пәндері бойынша онкүндік өтті. Ол кезде бірінші математиканы, кейін физиканы таңдадым. Онкүндік нәтижесі шыққан кезде қатты қуандым. Өйткені физика пәніне таңдалғанмын. Қуанғаннан ағайды құшақтап алдым. Кез келген сынаққа дайындалғанда қасыңда жолдастың болуы маңызды. Себебі жалғыз өзің нәтиже көрсету қиындау. Қасыңда, ағайдан бөлек, бірге дайындалатын дос-жолдастың болғаны керемет! Ал жалпы физиканы сабақ беретін әрі дайындайтын мұғалімдердің арқасында жақсы көрдім деп айта аламын.

Ол бос уақытында әлем әдебиетін оқығанды жақсы көреді. Сүйікті жанры – ғылыми фантастика.

Бос уақытымда үстел ­теннисін ойнаймын. Мектепте бұл спорт түріне көп көңіл бөлінеді. Одан бөлек, кітап оқимын және аудиокітаптар тыңдаймын. Қазіргі заманауи әдебиеттерді, соның ішінде ғылыми фантастика жанрын жақсы көремін. Соңғы рет әлем әдебиетінен Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасын оқығанмын. Қатты ұнады, – дейді ол.

Нұрдәулеттің айтуынша, елімізде қазақ тілінде дайындалатын физика пәні бойынша оқу құралдары аз.

Елімізде физика саласының ғылым ретінде дамуы төмен деп айтпаймын. Ал одан әрі арттыру үшін, біріншіден, қазақ тіліндегі физика пәнінен оқу құралдары жетіспейді. Біз орыс-ағылшын тіліндегі кітаптармен дайындаламыз. Осы қиындық тудырады. Екіншіден, олимпиадаға оқушы дайындайтын мұғалімдердің саны аз. Мысалы, ұстаздарым Жақсылық Ақан мен Арнұр Қазбектің арқасында жақсы жетістіктерге жетіп жүрмін. Осы екі нәрсеге көңіл бөлу керек, – деді оқушы.

Нұрдәулеттің арманы – ­физика пәні бойынша өзі секілді үздік оқушыларды дайындайтын мұғалім болу. Сол үшін жақсы білім алуға ұмтылып жүр.

Негізі, менде екі таңдау болды: физика немесе инженерия саласы. Физика саласы жаныма жақын. Болашақта осы бағытта білім алып, маман болып қалыптасқым келеді. Биыл шетелдік университеттерге құжат тапсырдым. Әлі жауаптары шықпады. Халық­аралық олимпиадаларда үздік көрсеткіш көрсететін Ресей, Қытай командалары деп айтамын. Болашақта мұғалім болып, осы салаға оқушыларды дайындағым келеді, – деді ол.

Айзада Жайыққызы

Все новости