00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Алтын медаль – 4,5 млн теңге: Олимпиада жүлдегерлерінің сыйақы мөлшері белгілі болды

24.02.2023 | 22:43
Елорда ақпарат
74

Бұл туралы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.  

Бастысы біз халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және оларды даярлаған педагог- жаттықтырушыларға да біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді қарастырдық. Алтын медаль иегерлеріне — 1500 АЕК, күміс медаль – 1000 АЕК, қола медаль – 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы тағайындау жоспарланып отыр, – деді ол.

Яғни алтын медаль алған жеңімпазға 4 594 500 теңге беріледі.

Күміс медаль алған оқушы 3 млн 63 мың теңге, ал қола медаль болса, 1 млн 531 мың теңгеге ие болады. 

Еске сала кетсек, Қазақстанда 2022 жылдың 1 қаңтарында белгіленген 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3063 теңгеге тең.

 

 

Все новости