00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

ЖОО студенттері 17 тоннадан астам пластик жинады

08.06.2024 | 12:00
Сабина Кәкімжан
138
ЖОО студенттері 17 тоннадан астам пластик жинады
Фото: ұйымдастырушылардан

Республикалық «3.2.1. Старт!» байқауының аясында Қазақстан ЖОО студенттері 17 тоннадан астам пластик жинады  Elorda.info.

 Бұл туралы «Жастар бірге – қалдық бөлек!» атты пластик жинау бойынша Қазақстан жастары мен ЖОО форумында айтылды. Жобаның 8-ші маусымы жасыл принциптер мен ТДМ-на қол жеткізу арқылы пластикті жинаудың және қайта өңдеудің тұрақты үлгісін құруға бағытталған.

Аталмыш экологиялық жоба «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі қолдауымен Қазақстанда бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жобаның 8-ші маусымына негізінен 10 қазақстандық ЖОО студенттері қатысты: Назарбаев Университеті, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰАЗУ, Satbayev University,  Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университеті, Тұран-Астана университеті.

Жоба аясында студенттер пластик қалдықтарын жинап, олардың көлемін есептеп, ай сайын қайта өңдеуге жіберіп отырды.

Осы әлеуметтік жобаның маңызды бөлігі ретінде оған қатысатын ЖОО арасында пластикті қайта өңдеу бойынша ең үздік идеяға байқау өтуде. Әрбір университет қалдықтарды жинаудың, сұрыптаудың және қайта өңдеудің өз үлгісін ұсынды, ал ең үздік идея CCI Kazakhstan сыйлайтын құрал-жабдықтар тізбегінің көмегімен жеңімпаз альма-матер қабырғасында жүзеге асырылатын болады.

Бірнеше жылдан бері біз CCI Қазақстан компаниясымен бірлесе жаңа таланттарды ашып, олардың еліміздің дамуына бағытталған идеяларын қолдап, ең қызықты әрі тиімді идеяларды жүзеге асырып келеміз. «3.2.1.Старт!» аясында қарастырылып жатқан стандарттан тыс шешімдер мен жобалардың көбеюі бізді қатты қуантады. Жас қазақстандықтар – тарихтың қозғаушы күші. Сондықтан да, біз компанияның ұстанымын бөлісетін, осы бастаманы қолдайтын әрбір тұлғаға алғыс айтамыз, - деді  «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» Заңды тұлғалар бірлестігі бас менеджері Асыл Окапова.

 

Все новости