00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жолбарыс күшіктерін шекарадан заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды

08.07.2023 | 14:30
80
Фото: t.me/customs_rf

Ресей кеденшілері үш айлық жолбарыс пен арыстан күшіктерін Қазақстанға заңсыз әкетпек болған азаматтың жолын кесті, деп хабарлады Elorda.info РФ Федералды кеден қызметінің Telegram каналына сілтеме жасап. 

жолбар.jpg

Кеден қызметкерлері аң күшіктерін Астрахан облысындағы «Қараөзек» өткізу бекетінде жолаушылар көлігін тексеру кезінде байқап қалған.  60 жастағы көлік жүргізушісі оларды көліктің артқы орындығына пластик ыдыспен жасырып  алып өтпек болыпты. 

машн.jpg

Анықтау кезінде оның рұқсат құжаттары болмаған. Күшіктерді Шешенстан Республикасынан сатып алып, қазақстандық жеке хайуанаттар бағына сатуды жоспарлағаны белгілі болды.

«Қазіргі уақытта жануарлар тәркіленіп, қолайлы жерде уақытша ұстауға беріледі. Контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр», - деп хабарлады РФ Федералды кеден қызметі.

Все новости