Жолаушы адамның ораза тұтпауына бола ма?
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/zholl_8db60a8cb2.webp)
Тақырып төңірегіндегі сауалдарға жауап ретінде «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан үзінді ұсынылды.
Сұрақ: Рамазан айында жолаушы адамның ораза тұтпауына бола ма?
Жауап: Алыс жолға шыққан (шамамен 90 шақырым) жолаушыға рамазан айында ораза тұтпауға рұқсат етіледі. Алла Тағала Құранда былай дейді:
فَمَنْ كَانَ مِنْكُمْ مَرِيضًا أَوْ عَلَى سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِنْ أَيَّامٍ أُخَرَ
«Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтесін».
Егер жолаушы сәресін ішіп, таң атқаннан кейін жолға шықса, онда сол күннің оразасын бұзуға болмайды. Өйткені ол оразасын тұрғылықты кезінде бастап қойған. Оны өз еркімен бұза алмайды. Егер жолға шықпай жатып аузын ашса, оразаның қазасымен қоса кәффаратын өтейді. Ал сапарда аузын ашып қойған жағдайда тек оразаның қазасын өтейді. Сол үшін ораза ұстауға әрекетін жасамай, таң атпай жатып жолға шығу керек.
Сұрақ: Жолаушы сапардан оралған күні не істеуге міндетті?
Жауап: Жолаушы өзінің тұрғылықты тұратын жеріне оралғанда немесе бір қалада 15 күн тұрақтануды ниет етсе, ораза ұстауға міндетті.
Егер жолаушы сапардан үйіне күннің жартысынан бұрын (яғни бесіннен шамамен бір немесе бір жарым сағат аралықта) қайтып, оразаға (еш нәрсе жемеген болса) ниет етсе, оразасы дұрыс болады. Ал бесіннен кейінгі уақыт аралығында келсе, онда адамдардың айыптауынан аулақ болу үшін күн батқанша еш нәрсе жемейді. Себебі айып тағылатын нәрседен аулақ болу, сақтану – уәжіп. Рамазан айынан кейін сол күннің қазасын өтейді.
Сұрақ: Сапарда ораза ұстаған дұрыс па, әлде ауыз бекітпеген дұрыс па?
Жауап: Ораза ұстау жолаушыға қиындық тудырмаса, ораза тұтқаны абзал. Алла Тағала жоғарыдағы аяттың жалғасында былай дейді:
وَأَنْ تَصُومُوا خَيْرٌ لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ
«Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың абзал».
Сапарда рұқсатты пайдаланып аузын ашқаны үшін сауапқа ие болады. Ал оразаны ұстаса, одан көбірек сауапқа кенеледі. Егер ораза ұстауы өзіне немесе жолсерігіне қиындық тудырса (яғни жолсеріктерінің ауыздары ашық болып, бірге ішіп-жесе) аузын ашуы абзал.
![](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елімізде 132 мың адам өздерін құмар ойындардан шектеді](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)