00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

15.12.2023 | 05:15
121

Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. 750-ден астам полиция қызметкері тәулік бойы облыс тасжолдарында кезекшілік етуде, деп хабарлады Elorda.info.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин жүргізушілерге тағы да ескерту жасады. 

Ауа райы жақсарғанға дейін аталған аумақтар сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жабылады. Шектеу шараларына түсіністікпен қарауды сұраймын. Сағат сайын бізге бұзылып қалған машиналар туралы хабарламалар түсуде. Тасжолдарда 1000-нан астам автокөлік кептеліп тұр. Полицияның 750-ден астам қызметкері оларға көмектесіп, тәулік бойы кезекшілік етуде. Біз қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасында жұмыс істеудеміз, - деді департамент бастығы.

ПД бастығы барлығын ауа райының жақсаруын күтуге және алыс сапарларды бірнеше күн кейінге қалдыруға шақырды.

Все новости