00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жасанды интеллекттің мүмкіндігі зор – сарапшылар

31.05.2024 | 16:59
124
Жасанды интеллекттің мүмкіндігі зор – сарапшылар
фото: дереккөзден

БАҚ саласындағы өнімдерді дайындауда жасанды интеллект пен жаңа технологияларды қолданудың артықшылығы мен тиімді тұстары көп. Бұл туралы қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VII форумында медиа саласының мамандары мен сарапшылары айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Медиа саласының өкілдері қазақ тіліндегі контентке сұраныстың артып келе жатқанына сенімді. Бұған қоса қазақ тілді аудиторияның қажеттілігіне сай өнімдердің көптеп ұсынылуы медианарыққа жаңашылдық әкелді. Форумға қатысушылардың бірі, медиа сарапшы Жанасыл Болатбек осындай пікір білдірді.

«Заманауи Қазақстанда қазақ тілінің мәртебесі өсіп жатыр. Оны ата-аналардың көбінің баласын қазақ балабақшаға беруінен және қазақ бөлімінде оқитын студенттер қатарының басым болуынан көруге болады. Ал біз, журналистер, екі тілде де контент таратамыз. Бірақ мендегі деректерге қарағанда, қазақ тілді тұтынушылар көбірек екен. Мысалы екі тілде хабар тарататын «Gakku» арнасында ТОП-20 әннің барлығы қазақ тілінде. Осыдан-ақ біздің контенттің алдыңғы орында тұрғанын көруге болады», - деді ол.

Форумда контент жасаудың мәселелерімен қатар жасанды интеллектті қолдану арқылы өнім жасау және оның тиімділігі мен болжалды қауіп-қатерлер туралы да сөз қозғалды. PR маманы әрі бизнес-тренер Салтанат Әскербекқызының айтуынша, жасанды сананы дұрыс қолдану еңбек өнімділігін арттырады, бұдан да басқа пайдасы бар.  

«Жасанды интеллекттің тиімді тұсы оған барлық техникалық жұмыстарды орындауды жүктеуге болады. Яғни, журналистің жұмысын айтарлықтай жеңілдететін құрал.  Әрине, жасанды интеллект дайындаған материалды бірнеше рет тексеріп шығу керек. Журналист дайын материалға дұрыс талдау жасаса, мұның пайдасы өте көп», - деді ол.

Кәсіби форумға жиналған мамандар бұл жаңашылдықтарды алаяқтар да меңгеріп, шынайы ақпарат пен дипфейктің ара-жігіт ажырата алмайтын аудиторияға теріс мақсатта пайдалануы мүмкін екеніне назар аударды.  

 

 

Нурия Қуанышқалиева

Аруза Боранбаева

Все новости