00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Төтенше жағдай жарияланған өңірлерде 100 бала дүниеге келді

07.04.2024 | 18:15
Елорда ақпарат
137
Бала
фото: egemen.kz

Республиканың ауқымды су тасқыны жағдайына байланысты төтенше жағдай жарияланған өңірлерінде 100 бала дүниеге келді, деп хабарлады Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Оның ішінде Қостанай облысында – 8 сәби, Ақтөбе облысында – 14 сәби, Батыс Қазақстан облысында – 22 нәресте, Абай облысында 4 сәби дүниеге келді. Ал, Қарағанды облысында – 2 сәби, Атырау облысында – 18 сәби, Ақмола облысында – 32 сәби дүниеге келді.

Бұрын хабарланғандай, су тасқыны басталғаннан бері өңірлерде 84 жүкті әйел эвакуацияланды. Оның ішінде босану мерзімі жақын 31 әйел ауруханаға жатқызылды. Апатты аймақтарда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға барлығы үш мыңға жуық дәрігер мен 300-ге жуық жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсетіп жатыр, - делінген хабарламада.

Все новости