Тоқаев: Былтыр қыста болған жағдай қайталанбауы керек
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/43a31241_51e2_40ae_8571_70d1a1cdab93_4be159810d.jpg)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары Екібастұз қаласындағы жылу электр орталығын аралап көруден басталды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын тексерді.
Облыс әкімі Асайын Байхановтың баяндауынша, техникалық аудит нәтижесінде Екібастұз ЖЭО акционерлерімен бірлесе қаланы жылумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жөніндегі іс-қимыл жоспары дайындалып, бекітілді. «ОАЭК» компаниясы жылу желілерінің әбден тозығы жеткен учаскелері бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы және ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарына қатысты техникалық шешімдерді әзірледі.
Жоспарға сәйкес «ОАЭК» АҚ-ның жеке қаржысы (8,2 млрд теңге) және Үкімет резерві мен облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен (8,5 млрд теңге) барлық 10 қазандық агрегаты (5 бу және 5 су жылыту) жөнделеді.
Нысанның жай-күйімен танысқан Президент Үкімет пен облыс әкіміне Екібастұз ЖЭО-сының қызметін қалпына келтіру жұмыстарының сапасы мен мерзімін айрықша бақылауға алуды тапсырды.
Жағдай күрделі. Көп нәрсе тозған. Бұл мәселемен жүйелі түрде айналысып, әрқашан бақылауда ұстау қажет. Былтыр қыстағы жағдайда осы қалада да немесе басқа қалада да қайталанбауы керек. Бұл – Үкімет пен барлық әкімдердің жауапкершілігі. Болған жағдайдан ащы сабақ алдық. Ел азаматтары мен аталған қалалардың тұрғындарына шыдамдылық пен түсіністік танытқаны үшін алғыс айту керек. Бірақ үнемі төзе беруге де болмайды. Сондықтан тиісті шараларды қабылдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы орамішілік және магистральдық желілердің, сондай-ақ қаладағы тұрғын үй қорының алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді.
Асайын Байхановтың айтуынша, бүгінде магистральдық және орамішілік желілерге жүргізілген гидравликалық сынақтар нәтижесінде анықталған 304 ақау жойылып, 62 шақырым құбыр мен 95 дана бекіту арматурасының 76-сы ауыстырылды. Сондай-ақ Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен 5,4 шақырым жылу магистралі жаңартылып жатыр.
Жалпы, облыс әкімдігінің мәліметі бойынша Екібастұздағы апатты жағдайлардың алдын алу үшін екі жобаны іске асыру қажет. Бірінші жоба – Екібастұз ЖЭО-ға техникалық судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ететін магистральдық құбырдың құрылысы. Екіншісі – жаңа жылу магистралінің құрылысы. Бұл қаланың төрт шағын ауданындағы жылу жүйесінің теңгерімділігін қамтамасыз етіп, 9 мыңнан астам қала тұрғынын жылумен қамтамасыз ету параметрлерін айтарлықтай жақсартады.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет келесі жылдан бастап аталмыш жобаларды қаржыландыру мәселесін пысықтап жатқанын жеткізді.
![Елордада «Заманауи домбыра» шоу-концерті ұйымдастырылды](/img/articles/e5ea16e8f3ebb293ffd46f0bbdcfd4d9.jpg)
![Қала күніне орай «Астана многоликая» атты ән-би фестивалі өтті](/img/articles/16d87527f13a480dbfa835ec626ae1d8.jpeg)
![Елордада кезекті 43 қоғамдық және аула кеңістігі ашылды](/img/articles/f4102a7b12f28c510db457e37392e18d.jpeg)
![Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады](/img/articles/7ef5922d58cb2beef05880c386099956.jpg)
![Елорда күніне орай Қосшы қаласында 20 отбасы пәтер иесі атанды](/img/articles/97cf7ed6397b7041f2c1a339f9af2f22.jpg)
![Домбыра күні: ШҚО полициясы ұлттық аспапты ұлықтады](/img/articles/b86c66a52cad852ef2ae698c1d7d0789.jpg)
![Астанада қала күніне орай конкурдан жарыс өтіп жатыр](/img/articles/73a5f8672a6599709259aa78f80d6caa.jpg)
![Сарыарқа ауданында 10 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды](/img/articles/b19b28c776a2bf65de0934b8018e996e.jpeg)
![Президент Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады](/img/articles/40185169cd2f6cba0aae5728e7850008.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)