00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Шымкентте шала туған сәбиін далаға тастаған әйел ұсталды

13.05.2024 | 09:21
138
Шымкентте шала туған сәбиін далаға тастаған әйел ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Шымкентте шақалағын далаға тастаған безбүйрек ана ұсталды. Оған қатысты «жаңа туған баласын өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info КТК арнасына сілтеме жасап.

Көкек ана осыдан үш күн бұрын төрт айлық өлі туылған шарананы қорапқа салып, №2 перинаталды орталықтың аумағына тастап кеткен. Оны кешқұрым перзентхана қызметкерлері тауып алыпты. Мәйітті тексеріп көрген мамандар шарана 20 аптадан асқанын және қыз бала екенін айтады.

Арада үш күн өткенде құрсағынан шыққан өлі сәбиді тастай салған безбүйрек әйел қала аумағынан ұсталды. Енді күдікті төрт жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Все новости