00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Шымкентте мектеп директоры 7 млн теңге жуық қаражат жымқырған

15.04.2024 | 15:36
100
жемқорлық
фото: дереккөзден

Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы 6 843 837 теңге бюджет қаржысын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл ақша 2022-2023 жылдар аралығында №73  орта мектепті жөндеу жұмыстарын жүргізуге және көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген.

Одан бөлек жұмыс атқармағанына қарамастан 2 қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырған.

Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген Прокуратура таратқан хабарламада.

Все новости