Светлана Жақыпова Қостанай облысындағы әлеуметтік мекемелердің қызметімен танысты
![](/img/watch-gray.png)
![Светлана Жақыпова Қостанай облысындағы әлеуметтік мекемелердің қызметімен танысты](/img/articles/ea4a42cb71c51e3e11ff600658c16604.png)
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қостанай облысына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты. Ол Мансап орталығына және Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға медициналық жабдықтар өндіретін және оңалтудың техникалық құралдарын жеткізетін «ФортунаМед» ЖШС-на барды, деп хабарлады Elorda.info.
Светлана Жақыпова Рудный қаласындағы №1 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен Отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барды. Отбасын қолдау орталығында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін 6 айға дейінгі мерзімге тұру қызметтері, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Мекеме 120 адамға дейін қабылдай алады.
Министр сондай-ақ Қостанайдағы аутизмі бар және басқа да ментальдық бұзушылығы бар балаларға арналған орталықтың жұмысымен танысты. Мекеменің материалдық-техникалық базасы жеке қажеттіліктерді ескере отырып, барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Орталықта сенсорлық интеграция залы, психологиялық жәрдем кабинеті, интерактивті/проективті кабинет, АВА-терапия кабинеттері, жұмсақ бөлме, керамика шеберханасы, арт-терапия кабинеті, музыкалық кабинет, ағаш ұстасы мен тігін шеберханалары, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау және робототехника кабинеті, сондай-ақ ЛЕГО-конструкциялау кабинеті бар.
Ведомство басшысы Қостанай қаласының мансап орталығында болып, азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұсыну және мұқтаж жандарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі жұмыстармен танысты.
Жұмыс сапарының соңында Светлана Жақыпова өндірістік қуаты 89 мың дана болатын «ФортунаМед» ЖШС зауытында болып, медициналық жабдықтар мен ОТҚ өнімін көрді. Зауыт кресло-арбалар, медициналық кереуеттер, гинекологиялық креслолар, рециркуляторлар, жүріс арбаларын, тросттар, балдақтар және басқа да медициналық бұйымдар шығарады.
![](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Президент Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![Қазақстан азаматтығын алуға байланысты емтихан ережелері әзірленді](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![Алматы облысының полицейлері 2 млн теңгенің вейптерін тәркіледі](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Түлектердің 77%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды](/img/articles/6778ba4a359c379ff5e10d5768a60b8f.jpg)
![Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады](/img/articles/b9e28b1bf1b1f53943ba925d9c588e84.jpg)
![Елімізде цифрлық ғылыми портал іске қосылды](/img/articles/8c705c2be80b04a07b1767ec2464086e.jpeg)
![Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқандар ұсталды](/img/articles/641c1ee0e4b228a221ba81a7ab86b7aa.jpg)
![Дина Төлепберген: 3 миллиондай Cobalt алуға болар еді](/img/articles/46492261baf6d3088db7b3b8ce03ee47.webp)
![Мейрам күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)