00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балалар «Балдәурен» орталығында демалды

21.06.2024 | 12:43
Олжас Сүлейменов
82
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі балалар «Балдәурен» орталығында демалды
Фото: дереккөз

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында келесі аптада жаңа маусым басталады. Биылғы жазда бұл орталық 6 мыңнан астам баланы қабылдайды, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық оқу-сауықтыру орталығы жазғы кезеңде әрқайсысы 15 күннен тұратын бес ауысым өткізеді. Әрбір ауысым рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру, балалардың физикалық дамуы секілді түрлі бағыттарды қамтиды.

«Жыл басынан бері орталықта 5 800 бала демалды, олардың 842-сі зардап шеккен аймақтардан келген балалар. Келесі аптада жаңа маусымға Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан тағы 17 бала келеді деп күтілуде. Жаздың соңына дейін су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 1 мыңға жуық баланы демалыспен қамту жоспарланып отыр», - деп хабарлады «Балдәурен» РОСО баспасөз қызметі.

Айта кетейік, орталық әртүрлі құрылымдық бөлімшелерден тұрады: білім беру, тәрбие, медициналық, дене шынықтыру кешендері.

Су тасқыны басталғалы бері түрлі республикалық сауықтыру орталықтарында 1 083 бала демалды. Жазғы кезеңде демалыспен тағы 3,7 мыңға жуық бала қамтылады.

Все новости