00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Су тасқынына байланысты 8 облыста жол жабылды

10.04.2024 | 09:38
Елорда ақпарат
106
жолдар
фото: дереккөзден

«ҚазАвтоЖол» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы соңғы деректері жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай облыстарында 8 жол жүру учаскесі жабылды. Жабылған жолдың жалпы ұзындығы 3655 метр.

6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазір республикалық жолдарда 365 бірлік техника мен 701 адам қалпына келтіру, тазарту жұмыстарымен айналысып жатыр.

Все новости