00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Су тасқыны: Ұландықтар су басқан аймақтан 30 адамды құтқарды

16.04.2024 | 16:45
73
Су тасқыны: Ұландықтар су басқан аймақтан 30 адамды құтқарды
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен

Ұлттық ұланның 1200-ден астам әскери қызметшісі қосымша күш ретінде су тасқыны болып жатқан еліміздің батысы мен солтүстігінде көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында су басу қаупі өте жоғары. Алайда, үлкен апаттың алдын алу үшін ұландықтар барын салып жатыр. Олар су басқан аудандардың тұрғындарын эвакуациялаумен шұғылданып, тұрғын алаптарда құм салынған қаптардан бөгет тұрғызып жатыр. Мәселен, Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінен тұрғындарды эвакуациялау барысында Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Мәулен Марленов су ортасында қалған адамдарды дер кезінде құтқарды. Ол су тасқынының ортасында тұрып қалған жүк көлігінен 30 адамы шығарып, қауіпсіз аймаққа эвакуациялады, - деп жазылған Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Все новости