00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Стаканда неге Нүкенованың саусақ іздері жоқ?» – Бишімбаев жауабы

18.04.2024 | 11:32
121
«Стаканда  неге Нүкенованың саусақ іздері жоқ?»  – Бишімбаев жауабы
Фото: Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен

Бүгін Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық  іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Сот отырысында жәбіренуші тараптың қорғаушысы айыпталушыға «VIP кабинада бірге алкоголь іштіңіздер. Стакан мен бөтелкеде, вазада неге Салтанат Нүкенованың саусақ іздері жоқ?» деп сұрақ қойды. Бұл сауалға Қуандық Бишімбаев былайша жауап берді.

Расын айтсам, мен білмеймін. Дактолоскопиялық сараптама жүргізілген басқа да қорытындылар бар. Бөтелкеден стаканға ішімдікті мен құйдым, Ал вазаны Салтанат ұстамаған шығар. Бұл жағын нақты түсіндіре алмаймын. Оның ішкенін өз көзіммен көрдім. Ал саусақ іздері қалай алынғанына қатысты мен жауап бере алмаймын, - деді экс-шенеунік.

Все новости