00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Өскемен мен Астанадан Новосибирскке әуе рейстері қайта ашылады

20.11.2023 | 04:30
124
Фото: дереккөзден

Желтоқсан айынан бастап Өскемен мен Астанадан Ресейдің Новосибирск қаласына рейстер қайта ашылады, деп хабарлады Elorda.info.

Мәскеу қаласында өткен көлік апталығы шеңберінде Көлік министрі Марат Қарабаев ресейлік әріптесі Виталий Савельевпен кездесті.   

Тараптар екі ел арасындағы әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. 

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша Qazaq Air әуе көліктерінің Новосибирск қаласына қайта ұша бастауы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Осылайша желтоқсан айынан бастап аталған әуе компаниясы Астана–Новосибирск бағыты бойынша рейстерді аптасына 5 рейске дейін және Өскемен–Новосибирск бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен орындауды жоспарлап отыр.

Все новости