00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Сирияда қарулы топтың құрамында болған қазақстандық елге жеткізілді

29.01.2024 | 06:00
95
фото: www.gov.kz

Тергеу материалдарына сәйкес Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда қарулы топтардың біріне кірген. Оны ұстауды және отанына жеткізуді ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауымен жүзеге асырды.

Ұсталғанға қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Все новости