00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Шілдеден бастап Пәкістанға әуе рейстері ашылады

10.06.2023 | 16:00
101

Азаматтық авиация комитеті Пәкістанның авиация билігімен бірлесіп және Қазақстанның Пәкістандағы Елшісінің көмегімен SCAT әуе компаниясының Пәкістанға тұрақты рейс ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлады Elorda.info 

Осылайша 8 шілдеден бастап SCAT әуе компаниясы Воеіng 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Алматы – Лахор бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушы рейстерін орындауды бастайды. 

Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасын ашу - елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Все новости