00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Сенаторлар ғылым туралы заңды мақұлдады

20.06.2024 | 16:36
Олжас Сүлейменов
83
Сенаторлар ғылым туралы заңды мақұлдады
Фото: дереккөз

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады, деп хабарлады Elorda.info.

Сенат отырысында депутаттар «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңды және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды екінші оқылымда қарап, мақұлдады.

Палата төрағасы атап өткендей, заңдарға енгізілген түзетулер ұлттық ғылыми жүйені жетілдіруді, сондай-ақ, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті тиімді үйлестіруді көздейді.

«Негізгі заң арқылы ғылыми қызмет субъектілері және олардың құқықтары айқындалды. Жас ғалымдарды ынталандыру және ғылыми қызметті қаржыландыру тетіктері де қайта қаралып отыр. Ғылыми-техникалық жетістіктерді коммерцияландыруға арналған түзетулер де қамтылған. Осыған орай кәсіпкерлерге салықтық және инвестициялық жеңілдіктер беру қарастырылып отыр. Алдағы уақытта қаралған заңдар еліміздің ғылыми жүйесін жаңғыртуға өз септігін тигізеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Все новости