00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Сенаторлар Астана қалалық мәслихаты депутаттарымен кездесу өткізді

11.06.2024 | 17:24
Торғын Аман
80
Сенаторлар Астана қалалық мәслихаты депутаттарымен кездесу өткізді
фото: senate.parlam.kz

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Астана қалалық мәслихатының депутаттарымен жұмыс бабындағы кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров өз сөзінде ҚР Парламенті Сенаты заң шығару ісін неғұрлым ашық әрі айқын жүргізу мақсатында мәслихаттармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.

«Заңдарды қабылдау кезінде өңірлердің мүддесін дәл ескеру үшін заң шығару ісіне мәслихат депутаттарының белсенді қатысуына ерекше назар аударылып отыр. Өңірдегі проблемаларды бірлесіп шешу қауіп-қатерге уақтылы жауап беруге және оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Демократияны нығайту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруда жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін дамыту маңызды мәселе болып табылады», - деп атап өтті сенатор.

Кездесуге қатысушылар Сенат пен мәслихаттар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту үшін осындай шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті және осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігіне тоқталды. Талқылау барысында нақты ұсыныстар айтылып, ұсынымдар әзірленді. Олар бұдан былайғы заң шығару және өңірлік бағдарламаларды іске асыру кезінде ескерілетін болады.

Шараға ҚР Әділет министрлігінің Құқық түсіндіру және үйлестіру департаментінің қызметкерлері қатысты. Олар министрлік әзірлеген және келесі сессияда Парламентке енгізу жоспарланып отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма шығаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын слайдпен көрсетіп, таныстырды.

Әділет министрлігінің өкілдері сондай-ақ мәслихат депутаттарының ереже шығару процесіне қатысты сұрақтарына жауап берді.

Все новости