00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Шекараны кесіп өтпек болған 17 шетелдік ұсталды

15.04.2024 | 15:18
139
шекарадан өту
фото: ҰҚК

28 наурыз бен 10 сәуір аралығында Жамбыл облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері белгіленген өткізу пункттерін айналып өтпек болған 17 шетел азаматын ұстады, деп хабарлады Elorda.info ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл адамдардың заңсыз әрекеттері олардың шекарадан өту құқығына шектеу қойылуымен байланысты.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тергеулер жүргізілуде.

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік шекараны және оның режимін бұзу қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

Все новости