00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Сайқымазаққа бет алыпсыздар»: Азамат Сатыбалдының жазбасы халықтың ашуын туғызды

07.02.2024 | 07:35
87
Фото: дереккөзден

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының басшысы Азамат Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасында аталған шығарманың жалғасын түсіру жоспарда бар екенін жазған. 

«Достар, жақсы жаңалығым бар. Біз «Қызғылт қоян туралы ертегі» культтік фильмінің жалғасын түсіруді жоспарлап отырмыз. Режиссер ретінде кімді көргіңіз келеді?,- деді А. Сатыбалды.

Алайда, көпшілік қауым «Дені дұрыс фильмдердің дәурені басталатын шығар деп едік, арзан қол сайқымазаққа бет алыпсыздар», «Неге қазақ классик жазушыларының кітап желісімен кино түсірмейсіздер?», «Қазақша, рухты көтеретін фильм неге түсірмеске?», деген қарсы пікірлерді жаудыртты.

 

                                                                                  Дариға ҚҰРМАНАЛЫ 

Все новости