00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Сүт өнімдерін сатып аларда неге назар аудару керек?

25.08.2023 | 13:00
152
Фото: ашық дереккөз

Бүгінгі күні әрбір тұтынушы сатып алатын тағам өнімі және оны өндіруші туралы толық және нақты мәлімет алуға құқылы. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қажетті мәліметтердің барлығы өнімнің қорабында немесе орамада таңбалау арқылы көрсетілуге тиіс. Таңбалауда болуы тиіс ақпарат Кеден Одағының «Тағам өнімдерін таңбалау бөлігі» 022/2011 техникалық регламентінің талаптарында көрсетілген.  

Біз күнделікті тұтынатын сүт өнімдерін де таңдау тәртібі бар.

Сүт өнімі – теңдесі жоқ аса құнды тамақ өнімі.

Сүт өнімдерінің құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Сүт өнімінің тағы бір қасиеті – түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, тағамның биологиялық құндылығын көтереді.

Сүт өнімдерін қалай таңдау керек:

- сауда орындарынан сүт өнімдерін сатып алмас бұрын шығарылған күні мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз;

- сүт өнімдерін кездейсоқ сатушылардан сатып алмаңыз;

- өнімді таңдағанда әрқашан қаптаманың тұтастығына назар аударыңыз;

- егер қаптама тұтас болмаса, тауарды сатып алуға болмайды;

- өнімнің таңбалануын мұқият оқып шығыңыз, құрамына мән беріңіз;

- өнімнің сыртқы түрін мұқият тексеріңіз;

- сүт өнімдері тоңазытқышта сақталмаса, оларды сатып алмаңыз;

- егер өнім туралы ақпарат болмаған жағдайда немесе оқылмайтын, тым ұсақ шрифтпен жазылған болса, өнімді сатып алмағаныңыз дұрыс.

Әрбір тұтынушы техникалық регламенттер талаптарына сәйкессіздік анықталған өнімдер туралы ақпаратты сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінен reestr-np.kz сілтемесі арқылы көре алады.

Все новости