00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Рамазан айында ірі супермаркеттер желісі сыйлықтар беріп жатқаны рас па

04.04.2023 | 22:16
116
фото: stopfake.kz

WhatsApp-та кибералаяқтар тағы да әрекет етуде. Бұл жолы олар SMALL супермаркеттер желісі атынан ақшалай сыйлықтар таратуда. Бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Elorda.info Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Хабарламаға тіркелген ұтыс ойынына шақыратын сілтеме супермаркеттер желісінің ресми сайтына емес, үшінші тарап ресурсына апарады. Онда адамдарға сауалнамадан өтіп, "Рамазан айына" орай сыйлықтар алу ұсынылады.
Шын мәнінде, SMALL-дың бұл сайтқа және сауалнамаға ешқандай қатысы жоқ. Бұл туралы супермаркеттер желісінің Instagram-дағы ресми парақшасында жазылған.

Назар аударуыңыздар — желіде Рамазан айына орай 100 000 теңге ұсынатын алаяқтық сайт пайда болды. Барлық акциялар мен жаңалықтар туралы small.kz ресми сайтында және әлеуметтік желілерде ғана хабарланады. Қырағы және мұқият болыңыздар, алаяқтардың айла-амалдарына түспеңіздер, - деп жазылған хабарламада.

Все новости