00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Полиция студенттік жатақханаларда рейд ұйымдастырды

27.11.2023 | 04:15
152
Фото: дереккөзден

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері нашақорлық пен есірткі бизнесіне тосқауыл болу мақсатында студенттік жатақханаларда рейд өткізді, деп хабарлады Elorda info.

Polisia.kz хабарлауынша, студенттер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде олардың есірткі үшін берілетін жазадан хабарсыз екені анықталған. Сол себепті полиция студенттік жатақханаларда рейд өткізіп, психоактивті заттарды қолданудың салдары, сондай-ақ есірткі сатқаны үшін берілетін жаза туралы ескертті. 

Сондай-ақ,  кинологтар қызметтік иттермен жатақханалардың үй-жайларын есірткінің бар-жоғына тексерді. Бір апта ішінде өңірлерде есірткінің қолданылуын немесе таралуын анықтау және есірткі қылмысы үшін жауапкершілікті түсіндіру үшін колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларында қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып, осындай 25 рейд өткізілді. 

«Студенттер мен жасөспірімдер есірткі дилерлерінің оңай олжасына айналады. Жастар кез келген заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілік бар екенін біле бермейді. Ішкі істер министрлігінің міндеті – әрбір оқушы мен студентке осындай «табыстың» салдары туралы ескерту. 16 жастан бастап, барлық есірткі әрекеттері үшін жаза қарастырылған. Есірткі жасырушылар немесе курьерлер 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Интернетте есірткіні жарнамалау, насихаттау, белгілі бір есірткі туралы форумдарда оң пікірлер үшін жаза 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Все новости